Римде жолаушы таситын әуе таксиі пайда болды

Римде жолаушы таситын әуе таксиі пайда болды
24 kz

Фьюмичино әуежайында таныстырылған ұшқыш көлік 2024 жылы жалпы қолданысқа берілмек, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Токпен қозғалатын таксиге 2 адам сыяды. Жолаушылардың жүгін салатын орын да қарастырылған. Көлемі кіші болғанымен, 18 моторы мен қайта қуатталатын 9 батареясы бар.

Қозғалтқышы көп болса да, дыбысы кәдімгі тікұшақтардан 4 есе тыныш. Тағы бір тиімділігі, такси көлігі 45 минут жүретін жерге 15 минутта жетіп барады.

Алдын ала мәлімет бойынша, жолаушы 15 жол жүргені үшін 150 еуро төлеуі мүмкін. Рим, Венеция, Болонья қалалары қазірден бастап әуе таксиге арналған инфрақұрылым жасауға кірісіп кетті.