Риддерде қала әкімінің міндетін атқарушы тағайындалды

Риддерде қала әкімінің міндетін атқарушы тағайындалды
Сурет: Ulysmedia.kz

Қаланы 24 сәуірден бері Дархан Қосантаев басқарып отыр.

Ол бұған дейін Риддер әкімінің орынбасары қызметін атқарған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап. 

Дархан Қосантаев 1991 жылы 4 қазанда Шығыс Қазақстан облысының Қаратоғай ауылында дүниеге келген. Мансабын Усть-Таловка кенті әкімі аппаратының бас маманы қызметінен бастаған. 2020 жылдан бастап Риддер әкімдігінде жұмыс істейді. 2022 жылы әкімнің орынбасары болып тағайындалды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Риддер әкімі Дмитрий Горьковойдың қайтыс болғанын хабарлағанбыз. Ол бұл қызметті 2020 жылдан бастап атқарды.