Көше кезген аюлар Риддер тұрғындарының үрейін ұшырды

Көше кезген аюлар Риддер тұрғындарының үрейін ұшырды
Фото: Tumba.kz

Қала көшелерінен жыртқыш аңды байқағандар бар

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласының әр бөлігінде аюлар көше кезіп жүрген, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, полицияға хабарласқан тұрғындар жыртқыш аңның көше кезіп жүргендігін айтты.

«Белгілі болғандай, бірнеше аю қыркүйек айының басында қала аумағына кіріп кеткен. Тұрғындар аюларды Полевой көшесіндегі №202 және №206 үйлердің маңында және Пролетарская көшесінде байқаған. Аталған факт бойынша тәртіп сақшылары түз тағыларының қайда екенін анықтау үшін тиісті шараларды жүргізген. Қазіргі уақытта шаһар көшелерінде аюлар жоқ», - делінген хабарламада.

Ведомство өкілдерінің дерегінше, жыртқыш аңдар ешкімге зардабын тигізбеген.