Рыбакина биікті көздейді

Рыбакина биікті көздейді
sports.ru

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина әлемдік рейтинг бойынша Токио Олимпиадасына қатысу құқығын жеңіп алды. Ұлттық олимпиадалық комитеттің ресми сайтына берген сұқбатында Елена алдағы жоспарлары туралы айтып берді.

«Олимпиадаға қатысатыным үшін өте қуаныштымын. Әлемдегі ең ірі спорттық жарыстардың бірінде ел намысын қорғайтыным – үлкен абырой. Алда «Үлкен Дулыға» санатындағы Уимблдон турнирі күтіп тұрғандықтан, эмоцияны тежеуге тура келеді. Әзірге осы жарыста сәтті өнер көрсетуді мақсат етіп отырмын. Рейтинг бойынша Олимпиадаға қатысатындар қатарына енетінімді білдім. Қазір жыл басындағы жағдайға қарағанда өзімді жақсы сезініп жүрмін. Ал Токио туралы болжам айту қиын. Өйткені, талаптары мүлде бөлек және ыстық, алысқа ұшуға тура келеді. Карантиндік шаралар да барлық қатысушылар үшін қиынға соғады. Барлығы менің Уимблдондағы қаншалықты алысқа баратыныма байланысты», - дейді Рыбакина. 

Токио Олимпиадасына қатысатын спортшылар 2021 жылдың 7 маусымындағы АТР және WTA рейтингіне сай жасақталды.