Рыбакина бірер күндік демалыстан кейін кортқа қайта оралды

Рыбакина бірер күндік демалыстан кейін кортқа қайта оралды
Сурет: Inform.kz

Уимблдон турнирінде топ жарған жерлесіміз бірер күндік демалыстан кейін қайтадан кешенді дайындыққа кірісті.

Өйткені ол тамыздың басында АҚШ-та өтетін халықаралық турнирге қатысуы қажет. Одан кейін жоспар бойынша Канададағы айтулы аламан күтіп тұр. Тура бір айдан тағы бір жылдың басты бәсекесі өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. 

Яғни АҚШ төрінде Үлкен Дулыға сериясының төртінші кезеңі болады. Қазақстандық теннисші осы бәсекеге тыңғылықты дайындалып, Лондондағы жетістігін қайталауға тырысады.

Елена Рыбакина өз кәсіпқой мансабында бірінші рет және жалпы қазақстандық теннисшілер арасында алғаш боп Уиболдан турнирінде жеңіске жетті. Бұл отандық спорт үшін тарихи, яки сенсациялық жетістік болып саналады.