Ревакцинация қажет пе?

Ревакцинация қажет пе?
Сурет: Sib.fm

Қалада үнді штамының пайда болуына байланысты ревакцинация қажет пе? Соңғы жаңалықтардан кейін тұрғындар арасында осындай заңды сауал туындады.


Бұл сұраққа Алматы қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Жандарбек Бекшин жауап берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

 
«Ревакцинация мәселесі көтерілген жоқ. Өйткені «Спутник V» вакцинасы барлық белгілі мутацияланған штамдарды инфекциядан қорғайды. Бұл туралы вакцина әзірлеушілердің ресми мәлімдесі бар. Сонымен қатар QazVac вакцинасы үнді штамына төтеп бере алады», - деді Жандарбек Бекшин брифингте. 


Оның айтуынша, Алматыда коронавирус инфекциясын қайта жұқтырудың 32 жағдайы тіркелген. 360 мыңнан астам адам вакцина алды. «Қалада инфекцияны қайта жұқтырудың 32 жағдайы тіркелді. «Спутник V» вакцинасының тиімділігі 92% көрсетті. Иммунитеттің қалыптасуы адамның ағзасына байланысты. Бірінде иммунитет бар, енді бірінде әлсіз», - деп толықтырды ол. 


Бұған дейін Алматыда 37 жастағы үй шаруасындағы әйелден коронавирустың үнді штамы табылғанын хабарлаған болатынбыз.