Республиканың барлық аймағында жел күшейіп, ауа райы құбылады

Республиканың барлық аймағында жел күшейіп, ауа райы құбылады Сурет: Mk-kz.kz

28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы


Бүгін республиканың басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады. Елдің солтүстігінде, солтүстік-батысында, орталығында жаңбыр мен қар түрінде қатты жауын-шашын күтіледі. Барлық аймақта жел күшейіп, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста шаңды дауыл тұрады, оңтүстік-батыста, солтүстік-батыста тұман, солтүстік-батыста, оңтүстікте найзағай болжанады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат сайына сілтеме жасап.


Солтүстік Қазақстан облысында желдің күші 23-28 м/с күшейетіні күтіледі.


Қостанай облысында жел 15-23 м/с артып, облыстың оңтүстігінде найзағай, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман, көктайғақ болжанады.


Ақмола облысының солтүстік-шығысында желдің күші 15-23 м/с жетеді.


Күндіз Түркістан облысының батысында және солтүстігінде жел 15-20 м/с күшейіп, шаңды дауыл тұрады.


Түнде және таңертең Қызылорда облысының солтүстік-батысында найзағай ойнап, облыстың орталығында желдің күші 15-20 м/с артады. Шаңды дауыл тұрады.


Қарағанды облысының батысында, шығысы мен орталығында желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді. Күндіз Батыс Қазақстан облысында желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.


Түнде және таңертең Ақтөбе облысының батысында және солтүстігінде тұман күтіледі.


Түнде Атырау облысының оңтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді.


Жамбыл облысының оңтүстік-батысында және таулы аудандарында жел 15-20 м/с күшейіп, облыстың оңтүстік-батысында жел шаңды дауылмен болады.


Алматы облысының солтүстігінде жел 15-20 м/с артып, шаңды дауыл тұрады.


Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде , солтүстік-шығысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.


Күндіз Павлодар облысының батысында, солтүстігінде желдің екпіні 15-20 м/с артады.


Маңғыстау облысының солтүстігінде жел 15-20 м/с жылдамдықта соғады, түнде және таңертең облыстың батысында және оңтүстік-шығысында тұман күтіледі.




Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

10:49

10:45

10:27

10:14

10:10

17:54

17:50

16:40

16:12

15:42

15:30

14:52

14:10

13:26

13:13

12:59

12:46

12:07

11:55

11:30

11:03

10:40

18:41

18:39

18:31