Республикалық жолдардың 91%-ы жылдың аяғына дейін қалпына келтіріледі

Республикалық жолдардың 91%-ы жылдың аяғына дейін қалпына келтіріледі
Сурет: Gov.kz

Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев айтты.

Сонымен қатар биыл Алматы қаласының әуежайында жаңа жолаушылар терминалының құрылысы басталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Биыл 1 тамыздағы жағдай бойынша, «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасын іске асыруға 650,1 млрд теңге бөлінді, оның ішінде республикалық бюджет 440,4 млрд теңгені, бюджеттен тыс қаражат 155,8 млрд тенгені және жергілікті бюджет 53,9 млрд тенгені құрайды. Жоспар кестесіне сәйкес барлық бюджет толық көлемде игерілді», - деді Қ. Өскенбаев.

Министрдің айтуынша, инфрақұрылымды кешенді дамыту міндеті бойынша 79,3 млрд теңге толық игерілді немесе 99%-ды пайызды құрады. «Ішкі көлік желісін дамыту» міндетінде 301,2 млрд теңге игерілген. Олар республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салуға, реконструкциялауға және жөндеуге, жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын салуға, реконструкциялауға және жөндеуге бағытталған.

«Қалыпты жағдайдағы жол сапасының көрсеткіші жыл соңына дейін республикалық желі бойынша 91%-ға дейін, ал жергілікті желі бойынша 85%-ға дейін жетеді. Шымкент және Қостанай қалаларындағы әуежайлардың жерүсті инфрақұрылымы жаңғыртылады. Сондай-ақ биыл Алматы қаласының әуежайында жаңа жолаушылар терминалының құрылысы басталды», - деп түсіндірді Қ. Өскенбаев.