Республикалық тас жолдарда қозғалыс шектелді

Республикалық тас жолдарда қозғалыс шектелді
Сурет: Еgemen.kz

500 бірлік арнайы техника күтіп-ұстау жұмыстарын атқаруда.

Қар тазалау жұмыстары тәулік бойы күшейтілген режимде жүргізілуде, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz "Қазавтожолға" сілтеме жасап.

Күн күрт суып кеткен күннен бастап жолшылар шамамен 2 мың текше метр көктайғаққа қарсы материал пайдаланды.

Дәл қазіргі сәтте ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық трассалардың 15 учаскесінде жол қозғалысына шектеу енгізілді. Республикалық желіде 500 бірлік арнайы техника күтіп-ұстау жұмыстарын атқаруда.

Өткен тәулікте жолшы мамандар қар құрсауынан 65 көлікті шығарды.