Республикалық маңызы бар тасжолдарға 15 мың текше метр көктайғаққа қарсы қоспа себілді

Республикалық маңызы бар тасжолдарға 15 мың текше метр көктайғаққа қарсы қоспа себілді
Сурет: Іnform.kz

Бұл - жыл басынан бергі мәлімет.

"ҚазАвтоЖол" қызметкерлері республикалық маңыздағы күре жолдарда қысқы күтіп-ұстау жұмыстарын жалғастыруда, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz аталған мекеменің телеграм каналына сілтеме жасап.

Жүріп-тұру қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жолдың жүріс бөлігін кеңейту және көктайғақтың алдын алу жұмыстары жүргізілді. Жол қызметкерлері жыл басынан бері жол жамылғысын 15 мың текше метр көктайғаққа қарсы қоспамен өңдеді.

Бүгін қысқы күтіп-ұстау жұмыстарын атқару үшін 300 бірлік арнайы техника мен 630-дан астам жұмысшы жұмылдырылды.

Республикалық маңызы бар автожолдар ашық. Қозғалыс штаттық режимде қамтамасыз етілді.