Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы басқа министрлікке берілді

Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы басқа министрлікке берілді
Сурет: Ашық дереккөзі

ҚР Үкіметінің қаулысымен Денсаулық сақтау министрлігінің құрамындағы электрондық денсаулық сақтау орталығы Цифрлық даму министрлігінің басқаруына берілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Денсаулық сақтау министрлігінің «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының атауы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны болып өзгертілсін», - делінген қаулы мәтінінде.

Құжаттың толық мәтінімен мына жерден танысуға болады.