Республикалық бюджетке Ұлттық қордан 2,2 трлн теңге бағытталады

Республикалық бюджетке Ұлттық қордан 2,2 трлн теңге бағытталады
Сурет: Aikyn.kz

Бүгін Мәжілісте алдағы 3 жылға арналған кепілдендірілген трансферт туралы заң жобасы мақұлданды.

Экономика министрі Әлібек Қуантыров Ұлттық қордағы қаржы мұнымен кеміп кетпейді деп сендірді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Оның айтуынша, алынған қаржы мұнайдан түсетін тікелей салықтардың көлемінен аспайды. Ал келер жылы мұнай бағасы барреліне 48,9 АҚШ доллары болады деп болжанып отыр.

Сонымен қатар, Мәжілісте республикалық және аймақтар мен республикалық маңызы бар қалалардың бюджеттері арасындағы алдағы 3 жылға арналған трансферттердің көлемі туралы заң жобасы да қаралып жатыр. Депутаттар шығыс көлемін 1,7 трлн теңгеге көбейтуді ұсынды. Қаржының негізгі бөлігі білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік сала, тұрғын үй коммуналды шаруашылығына бағытталмақ.