Республикада 57 ковидтік стационар жабылды

Республикада 57 ковидтік стационар жабылды
Cурет: Zakon.kz

Вакциналау - қауіпті індеттің алдын алудың жалғыз жолы

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің деректеріне сәйкес, елде науқастану көрсеткішінің төмендегені байқалады. Соңғы 2 аптада ауру жұқтыру көрсеткіші 36 пайызға төмендеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

1 тамыздан бастап елімізде инфекциялық төсек-орындар жүктемесі 56-дан 33 пайызға, реанимациялық төсек-орын жүктемесі 45-тен 32 пайызға төмендеді.

Республикада 57 ковидтік стационар жабылды.

ҚР Денсаулық сақтау министрінің айтуынша, вакциналау әлі де коронавирус инфекциясының алдын алу іс-шараларының жалғыз жолы болып отыр.

 «Халықты вакциналау жалғасып жатыр. Бүгінде 1-компонентпен 7,5 млн-нан астам адам екпе алып, халықтың вакциналануы тиіс санының 75,8 пайызын құрады. 2-компонентпен 6,4 млн-нан астам адам қамтылды.Бұл екпе алуы қажет халықтың 64,7 пайызына тең. Вакцинаны жеткізу кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр», - дейді ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.