Республика күніне байланысты қазан айындағы демалыс күндерінің орны ауысады

Республика күніне байланысты қазан айындағы демалыс күндерінің орны ауысады
Сурет: Kazgazeta.kz

Сонымен демалыс күнін 2022 жылғы 22 қазан, сенбіден 24 қазан, дүйсенбіге ауыстыру жоспарлануда.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2022 жылдың қазан айындағы демалыс күндерін ауыстыруды қарастыратын Үкімет қаулысын дайындады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Еңбек министрлігінің хабарлауынша, биыл «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» заңға өзгертулер енгізу жоспарланып отыр, онда 25 қазан сейсенбіге сәйкес келетін мемлекеттік мереке – Республика күні болып белгіленді.

Осыған байланысты жұмыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында демалыс күндерін ауыстыру жоспарлануда.

Құжат Ашық НҚА веб-сайтында жарияланған.

22 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының жалпы отырысында депутаттар кинематография, мәдениет және мерекелер мәселелері бойынша 25 қазан – Республика күнін мемлекеттік мерекелер қатарына қайтаруды көздейтін түзетулерді қабылдады.

16 маусымда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық мереке мәртебесін Республика күніне қайтаруды ұсынды. Бұл туралы ол Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысында мәлімдеді.

1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданды.