#Республика күні. Мерекеге арналған экспозициялық көрме ашылды

#Республика күні. Мерекеге арналған экспозициялық көрме ашылды
Сурет: Gylymordasy.kz

Көрме 2022 жылдың қараша айына дейін жалғасады.

25 қазан Республика күніне арнап «Ғылым ордасы» Археология музейі және Сирек кездесетін кітаптар музейінің ұйымдастыруымен «Отырар және Құйрық-төбе қалашықтарының құпия құндылықтары» атты экспозициялық көрменің ашылуы өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Көрмеде Археология музейі қорындағы Отырар және Құйрық-төбе қалашықтарының жәдігерлері мен фотосуреттері, Орталық ғылыми кітапхана мен сирек кездесетін кітаптар музейі қорындағы қалашықтар тарихына қатысты кітаптар мен фотоальбомдар ұсынылған. Атап айтқанда, Отырар алқабындағы қазба жұмыстары нәтижесінде табылған керамикалық ыдыстар, терракоталар, шыны құтылар қалдықтары, Археология музейі қорындағы өзге де жәдігерлердің фото-суреттерін тамашалауға болады. Бұдан өзге Отырар мен Құйрық-төбе тарихы мен археологиясына арналған Ақышев К., Байпақов К., Ерзакович Л., және өзге де ғалымдардың еңбектері мен фотоальбомдарын көруге мүмкіндік бар.

Отырар және Құйрық-төбе қалашықтары – ортағасылық, тарихы сыр мен жұмбаққа толы ерекше қалашықтар. «Ғылым ордасы» РМК Алматы қаласы қонақтары мен тұрғындарын ежелгі қалашықтардың сырға толы тарихымен танысуға шақырады. Көрме 2022 жылдың қараша айына дейін жалғасады.