Республика бойынша 32 автожол жабық тұр

Республика бойынша 32 автожол жабық тұр
Сурет: Inform.kz

Жолдарда қар тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бұл жұмыстарға 500 техника жұмылдырылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Қазавтожол-ға сілтеме жасап.

Ауа райы нашарлаған сәттен бастап (3 қаңтардан) 2200 текше метр көктайғаққа қарсы материалдар жұмсалды.

«Сағат 8:45-тегі ақпаратқа сәйкес, ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық автожолдардың 32 учаскесі жабық күйінде қалып отыр», - делінген хабарламада.

Ақмола, Жетісу, Шығыс Қазақстан, Абай, Қарағанды, Қостанай және Павлодар облыстарындағы трассалар жабылған.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Қарағанды, ШҚО және Абай облыстарының республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында аса күрделі жағдай қалыптасты.

Өткен тәулікте бұл өңірлерде қар құрсауынан 200-ге жуық көлік шығарылып, 346 адам құтқарылды.