Ресми Бейжің шетелдік компьютерлерден бас тарта бастады

Ресми Бейжің шетелдік компьютерлерден бас тарта бастады
Сурет: Ren.tv

Қытайда 50 миллион компьютер жаңартылады.

Қытай билігі орталық мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік корпорацияларға екі жыл ішінде шетелдік компьютерлерді қытайлық операциялық жүйемен жұмыс істейтін отандық компьтерлерге алмастыруды тапсырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inbusiness.kz сілтеме жасап.

Бұл талап бойынша, шамамен 50 миллион компьютер жаңартылады. Кейін үкімет өңірлік мемлекеттік мекемелерге де осындай талап қоймақ. 

Bloomberg агенттігінің мәліметінше, Қытай осылайша елдің АҚШ сияқты геосаяси қарсыластарға тәуелділігін азайтуды көздеп отыр. Қытай билігінің бұл шаралары Вашингтонның жаңа санкцияларына төтеп беруге бағытталған.