Ресеймен шекара маңы ынтымақтастығы қарыштап дамып келеді

Ресеймен шекара маңы ынтымақтастығы қарыштап дамып келеді
Сурет: Е-cis.info

Ынтымақтастық артуда

Қазақстан мен Ресейдің шекара маңы ынтымақтастығы қарқынды дамуда, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. Qazaqtv.com cайтына сілтеме жасап.

Пандемияға қарамастан, Астрахань облысымен тауар айналымы биылғы жылдың алғашқы жартысында 8 млн 200 мың долларға жеткен. Аймақта қазақстандық компаниялардың қатысуымен 34 кәсіпорын жұмыс істейді.

Астархань қаласында Қазақстанның бас консулдығының ашылуы осы байланыстарды тереңдетуге мүмкіндік береді.

Бұл әлеует осы күзде Көкшетауда өтетін аймақаралық ынтымақтастық форумында қарастырылмақ. Онда туризм саласындағы жобаларға назар аударылмақ.

«Ақтауда туристік аймақ пен қонақүйлерді дамыту үшін көп шара қолға алынып жатқанын білесіздер. Шаһар ресейлік туристерді құшақ жая қарсы алуға дайын. Жуық арада «Петр Великий» туристік лайнерінің құрылысы аяқталады. Ол Каспий теңізінде әр елдің портына қатынайтын болады», - деді Қазақстанның Ресейдегі төтенше және өкілетті елшісі Ермек Көшербаев.

Астрахань облысының губернаторы Игорь Бабушкиннің сөзінше, екіжақты  қарым-қатынас жыл сайын артуда екен.

«Қазақстан мен Астрахань облысы арасындағы қарым-қатынас жыл сайын артып, екі арадағы тауар айналымы да өсіп келеді. Алдағы уақытта да осы үрдісті жалғастыруға ниеттіміз. Біз әріптестерімізбен түрлі саладағы ынтымақтастық болашағын талқыладық. Бұған өнеркәсіп, өндіріс және ауыл шаруашылығы, туризм мен мәдени алмасу кіреді», - деді ол.