Ресейлік журналист Владимир Соловьев мәлімдеме жасады

Ресейлік журналист Владимир Соловьев мәлімдеме жасады
Сурет: Ria.ru

"Артық эмоцияға берілу маған жат нәрсе", - дейді ол.

Ресейдің «Россия 1» телеарнасында жүргізуші Владимир Соловьев пікір білдірді. Ол жауабында өз бағдарламасындағы саясаттанушының сөзіне тоқталған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Exclusive.kz сілтеме жасап.

Ресейлік телеарна жүргізушісі өз мәлімдемесін «Соловьев Live» атты бағдарламасында айтты. Сөзіне сүйенсек, Дмитрий Дробницкий сол күнгі бағдарламада өзінің ойын білдірген.

"Артық эмоцияға берілу маған жат нәрсе. Ол Қазақстан жайлы өз ойын айтты. Бізде сөз бостандығы бар емес пе? Оның үстіне Дмитрий Дробницкий мемлекеттік қызметкер емес. Ұнаса да, ұнамаса да, оның өз көзқарасы бар, — дейді Соловьев бағдарламасында.