Ресейлік тарихшы Бөкейханов туралы кітап жазды

Ресейлік тарихшы Бөкейханов туралы кітап жазды
Cурет: Baq.kz

Мәскеудегі Қазақстан елшілігінде ресейлік ғалым Виктор Козодойдың "Алихан Букейханов. Человек-эпоха" ("Әлихан Бөкейханов. Аңыз адам") кітабының тұсаукесері өтті.

Автор өз еңбегінде дереккөздерді, материалдар мен фактілерді, соның ішінде бұрын ғылыми айналымда пайдаланылмаған мұрағат құжаттарын, естеліктерді, сол жылдардағы газет-журнал беттеріндегі жарияланымдарды пайдаланған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Жиынды ашқан Қазақстанның Ресейдегі елшісі Ермек Көшербаев бұл кітапты Әлихан Бөкейханов тұлғасының алғашқы терең және тұтас ғылыми зерттеуі деп бағалады. Тарихи әділеттілікті қалпына келтіру және қалың бұқараға ақпарат беру аясында Алаш қозғалысы қызметінің көптеген қырлары ашылмағанын еске салды. Осыған байланысты, бұл кітап Қазақстанның Тәуелсіздігін болжаған тарихи оқиғаларды зерттеуге елеулі үлес қосты.

Жинақ авторының пікірінше, Әлихан Бөкейхановты Қазақстанның ғана емес, Ресейдің де тарихи қайраткері деп санауға болады, өйткені ол Мемлекеттік Думаға сайланды, Бүкілресейлік ұйымдардың жұмысына және Бүкілресейлік мәселелерді шешуге қатысты.

Сондай-ақ Виктор Козодой кітаптың қазақ тіліне аударылғанын айтып, жақын арада оның жарық көруіне үміт білдірді.