Ресейлік дәрігерлер балаларда COVID-19 жаңа белгілерінің пайда болғанын хабарлады

Ресейлік дәрігерлер балаларда COVID-19 жаңа белгілерінің пайда болғанын хабарлады
Сурет: интернеттен

COVID-19 бар балаларда буын ауруы, шырышты қабықтың қабынуы және бөртпе пайда болады.

Ресейлік дәрігер мұндай белгілер аурудың ауыр ағымын көрсететінін баса айтты. Оның үстіне барлығы дер кезінде емделуге байланысты, дейді мамандар, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Lenta.ru сайтына сілтеме жасап.

Қорған облысында COVID-19 жұқтырған балаларда бөртпе, буын ауруы және шырышты қабықтың қабынуы пайда болады. Жаңа белгілер туралы облыстық балалар ауруханасы емдеу бөлімі бас дәрігерінің орынбасары Светлана Ларионова мен облыстық денсаулық сақтау департаменті директорының міндетін атқарушы Алексей Сигидаев айтты.

«Сондай-ақ бұл қызуды түсіретін дәрілерге бағына қоймайтын жөтел, дене қызуы болуы мүмкін. Бұл буындардағы ауырсыну, шырышты қабықтың қабынуы түрінде де болады. Іштің ауыруы, іштің өтуі жағынан гастроэнтеритке де ұқсайды », - деді Ларионова.

Ларионова сонымен қатар балаларды тұмауға қарсы вакцинациялауды ұсынды, өйткені зерттеулерге сәйкес, вакцинацияланған балалар вирустық инфекциялардан қатты ауыра қоймайды.  Сонымен қатар, тұмауға қарсы вакцина алған кәмелетке толмағандар пневмония мен бронхитке әкелетін асқынуларға да азырақ ұшырайды.

Қорған облыстық денсаулық сақтау басқармасы директорының міндетін атқарушы Сигидаевтың айтуынша, көршілес облыстарда COVID-19 жұқтырған кәмелетке толмаған науқастар өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

«Сіз иммундық жүйеңізді дұрыс жауап беруге үйретуіңіз керек. Балада иммундық жүйе екі жолмен ғана жауап бере алады - не бала үнемі ауыра беретін болады, немесе вакцина алуы керек», - деді