Ресейге баратын қазақстандықтар үшін тәртіп өзгереді

Ресейге баратын қазақстандықтар үшін тәртіп өзгереді
news.myseldon.com

2021 жылдың 29 желтоқсанынан бастап Ресейге 90 күннен астам мерзімге келетін Қазақстан азаматтары ресейлік медициналық мекемелерде нашақорлық пен жұқпалы аурулардың, оның ішінде АИТВ инфекциясының жоқтығын растауы керек деп хабарлайды almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Анықтамаларды ІІМ аумақтық органдарына тапсыру қажет. Кәмелетке толмаған немесе әрекетке қабілетсіз азаматтардың құжаттарын оның ата-анасының, қорғаншыларының немесе қамқоршыларының бірі (6 жасқа дейінгі балаларға қолданылмайды) ұсына алады.

Сондай-ақ, қазақстандықтарға міндетті мемлекеттік дактилоскопиялық тіркеуден және суретке түсіруден өту қажет, одан кейін ІІМ аумақтық органдары оларға тиісті құжат береді. Назар аударыңыз! Еңбек қызметі мақсатында Ресейге келген жағдайда, жоғарыда көрсетілген рәсімдер келген күннен бастап 30 күн ішінде, басқа мақсаттарда – 90 күн ішінде өтуі керек.

Медициналық анықтамалардың қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін қазақстандықтар 30 күн ішінде медициналық куәландырудан қайта өтуге және жаңа құжаттарды ІІМ аумақтық органына немесе мемлекеттік және жергілікті қызметтердің бірыңғай порталын пайдалана отырып, электрондық құжат нысанында не ведомстволық бағынысты кәсіпорын немесе уәкілетті ұйым арқылы ұсынуға міндетті. Жоғарыда аталған талаптар орындалмаса, Ресейде болу мерзімі қысқартылуы мүмкін.