Ресейдің танымал актері Азамат Мұсағалиевтың қазақ тілінде орындаған әні көпшіліктің көңілінен шықты

Ресейдің танымал актері Азамат Мұсағалиевтың қазақ тілінде орындаған әні көпшіліктің көңілінен шықты
Сурет: Peoples.ru

Азамат Мұсағалиев «Сен» деп аталатын әнді жаздырған

Ресейлік танымал әзілкеш, КВН ойыншысы Азамат Мұсағалиев Instagram желісінде қазақ тілінде ән айтқан видеосын жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

Азамат Мұсағалиев орындаған ән «Сен» деп аталады. Желі қолданушылары КВН ойыншысының дауысына таңғалып, жылы лебіздерін білдіруде.

«Батырхан Шүкенов ағаны есіме түсірді», «Керемет дауыс», «Өте әдемі орындау», – деп жазды Instagram қолданушылары.

Азамат Мұсағалиев – Ресейде туып-өскен қазақ, актер, әзілкеш, тележүргізуші. «Сборная Камызякского края» КВН командасының капитаны, «Однажды в России» шоуының қатысушысы, ТНТ арнасындағы «Где логика?» шоуының жүргізушісі.