Ресейдің Тверь облысындағы ҒЗИ-да болған өрттен 17 адам қаза тапты

Ресейдің Тверь облысындағы ҒЗИ-да болған өрттен 17 адам қаза тапты
Cурет: Inform.kz

Ғылыми-зерттеу институтындағы өрт бейсенбі күні болды

Ресейдің Тверь қаласында орналасқан Әуе-ғарыш қорғанысы әскерінің Орталық ғылыми-зерттеу институтында болған өрт салдарынан 17 адам қаза тапты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Тверь облысында өрт салдарынан болған қирандыларды тазарту жұмыстарына 150 адам жұмылдырылған.

Тверь облысы денсаулық сақтау қызметінің мәліметінше, өрттен зардап шеккендер арасында 13 адам ауруханаға түскен, оның ішінде 5 адам жансақтау бөлімінде жатыр, олардың денсаулық жағдайы ауыр, бірақ тұрақты. Олар сауығып кетеді деген үміт бар.

Осыған дейін ТАСС агенттігі ауруханада 11 адамның жатқанын хабарлаған еді.
Ғылыми-зерттеу институтындағы өрт бейсенбі күні болды. Жалын 22,5 км аумақты шарпыды. Ғимараттан 54 адам құтқарылып, 98 адам көшірілді. 30-ға жуық адам зардап шекті.

Алдын ала мәліметтер бойынша, өрттің шығуына электр желісінің апатты режимде жұмыс істеуі себеп болған. Ал жалынның барынша кең аумақты шарпуына өрт сөндірушілерге хабардың кеш жетуі себеп болуы ықтимал.