Ресейден автокөлікті контрабандалық жолмен әкеліп отырған жат діни ағым ұстанушысы ұсталды

Ресейден автокөлікті контрабандалық жолмен әкеліп отырған жат діни ағым ұстанушысы ұсталды
Сурет: Ашық дереккөз

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды

Атырауда автокөлік контрабандасымен айналысқан күдікті ұсталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Policia.kz-ке сілтеме жасап.

Тұрғылықты мекенжайын тінту барысында жалған автокөлік мемлекеттік белгілері, автокөлікті сатып алу-сату келісім шарттары, сенімхаттар, Ресей Федерациясында тіркелген автокөліктің төлқұжаты, азаматтық тұлғалардың жеке куәліктері, тауарға арналған декларация, Iphone 13 ұялы телефоны және түбіртектер алынған.

Аталған дерек бойынша ҚК-тің 385-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.  Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасы, ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі.