Ресейдегі турнирдің алғашқы ойынында «Барыс» жеңіске жетті

Ресейдегі турнирдің алғашқы ойынында «Барыс» жеңіске жетті
Сурет: Дереккөз

Есеп: 3:1

Елордалық «Барыс» шайбалы хоккейден Челябинск облысы губернаторының кубогындағы алғашқы ойынын өткізді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
Қазақстандық команда аталған турнирдегі бірінші ойынын Ресейдің «Автомобилист» (Екатеринбург) клубына қарсы өткізді.
Ойынның 9-минутында «Барыс» сапынан Никита Михайлис есеп ашты. Бұдан кейін екі команданың да есепті өзгертетін бірнеше мүмкіндігі болған еді.
Екінші кезеңде де таблодағы есеп өзгеріссіз қалды.
Үшінші кезеңнің 49-минутында ресейлік клубтан Брукс Мэйсек таразы басын теңестірсе, Никита Михайлис 51-минутта «Барысты» қайтадан алға шығарды.
Елордалық клуб қарсыласынан 3:1 есебімен басым түсті.
Енді «Барыс» хоккейшілері 25 тамызда «Трактор» (Челябинск), 27 тамызда «Металлург» (Магнитогорск) командаларымен шеберлік байқасады.
Сондай-ақ, бүгін «Трактор» және «Металлург» командалары өзара кездеседі.
Еске салсақ, бұдан бұрын елордада өткен ҚР Президенті кубогында «Барыс» жеңімпаз атанды.
Аталған турнирде елордалық клуб «Автомобилистке» 3:4 есебімен жол берді.