Ресейде қоқыс музейі ашылды

Ресейде қоқыс музейі ашылды
Сурет: Egemen.kz

Ресейде қоқыстың 7%-ы өңделді

Ресейдің Зеленоград маңындағы «Жасыл мысық» экологиялық алаңында «МУ МУ KA» қоқыс мұражайы ашылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Нысан - 2016 жылы Калуга облысында ашылған «МУ МУ» қоқыс өнер музейінің филиалы. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мекеменің негізгі қызметі - ұтымды тұтынуды насихаттау, көркем бейнелер мен стандартты емес тәсілдер арқылы экологиялық білім беру, сонымен қатар отбасылық тақырыптық демалыс ұсыну.

Қоқыс музейі – 2020 жылдың 19 қарашасында ашылған Green Cat экологиялық алаңының бөлігі. Қазір онда «Хламмаркет», «Экомаркет», қалдықтарды бөлек жинау пункті және бірінші ресейлік дәретхана бутигі жұмыс істейді.

Ресейде қоқыстың 7%-ы ғана өңделеді. Қалғанының бәрі полигондарда сақталады. Greenpeace мәліметтері бойынша, елдегі қоқыс алаңы қазірдің өзінде Швейцария аумағымен салыстыруға келетін көлемге жеткен.