Ресейде жасөспірімдерге екпе қашан салына бастайтыны белгілі болды

Ресейде жасөспірімдерге екпе қашан салына бастайтыны белгілі болды
Сурет: Gazeta.ru

Мамандар вакциналау 20 қыркүйекке дейін басталуы керектігін айтып отыр.

Гамалея орталығының басшысы Александр Гинцбург Ресейде коронавирусқа қарсы екпе  жасөспірімдерге қай уақытта бастайтыны туралы айтты , деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Lenta.ru cайтына сілтеме жасап.

Гинцбургтің айтуынша, елдегі жасөспірімдерге вакцина салу 20 қыркүйекке дейін басталуы керек.

«Біз бұған төтеп бергіміз келеді, қалай болады, әзірге осы үшін бәрін жасап жатырмыз», - деді Гинцбург.

Сонымен қатар ол жақында коронавирустың ауыр түрімен ауыратын жасөспірімдер санының бұрынғыға қарағанда көбейгенін айтты.

 «Біз оларды қорғауымыз керек», - деп аяқтады ол.

Маман сонымен қатар Sputnik V вакцинасын зерттеуге қатысатын ресейлік жасөспірімдердің жағдайы туралы айтты. Оның айтуынша, екі баланың температурасы шамамен 37 градус болған.

«Бірақ бұл қалыпты реакция, себебі біз оларға тұзды ерітінді емес, вакцина салдық. Егер дене ыстығын тексермегенде, олар оны  байқамаған да болар еді », - деді Гинцбург.

12-17 жас аралығындағы жасөспірімдерге арналған Sputnik V вакцинасын зерттеу 5 шілдеде басталды. Тест Гамалея орталығымен бірлесе отырып екі балалар емханасының базасында өткізіледі. Зерттеуге 100 ерікті тартылды.