Ресейде жасөспірімдерге энергетикалық сусындар сатып алуға тыйым салынады

Ресейде жасөспірімдерге энергетикалық сусындар сатып алуға тыйым салынады
сурет:ria.ru

Энергетикалық сусындарды сатуға тыйым салатын заң жобасы әзірленуде.

Дума депутаттары үкіметпен бірге кәмелетке толмағандарға энергетикалық сусындарды сатуға тыйым салатын заң жобасын әзірлеп жатыр, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz lenta.ru сілтеме жасап.

Заң жобасының мақсаты - 18 жасқа толмаған тұлғаларға алкогольсіз энергетикалық және тоник сусындарды сатуға жол бермеу. Сондай-ақ, мұндай сусындарды кәмелетке толмағандарға сатқаны үшін сатушылар мен кәсіпкерлер де жауапқа тартылады.

 Думаның Қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі комитетінің мүшесі Сұлтан Хамзаев: «Энергетикалық сусындардың құрамындағы таурин, кофеин және гуарана мөлшерінің жоғарылауы бала денсаулығына кері әсер етеді», - дейді.

«Балалар арасында онсыз да жүйке жүйесі, жүрек, қан тамырлары аурулары көбейді. Бұған энергетикалық сусындардың әсерін қоссаңыз, жағдай мүлде қиын. Энергетикалық коктейльдердің зиянды екенін барлық дәрігерлер айтады», - деді депутат.