Ресейде құс тұмауы өршіді

Ресейде құс тұмауы өршіді
Сурет: Оsken-onir.kz

H5 түріндегі «А» типті патогенді құс тұмауының вирусы анықталды.

Хабаровск өңіріндегі қалалардың бірінде төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Комсомольск на Амуре қаласындағы құс фабрикасынан аса қауіпті саналатын, H5 түріндегі «А» типті патогенді құс тұмауының вирусы анықталды.

Зертхана қорытындысы осындай. Бұл вирус адамға да қауіпті болуы мүмкін. «Комсомол» фабрикасында барлығы 500 мың тауық бар.

Қазір құстарды ескі көлік дөңгелектерін жағып өртеп жатыр. Қала әкімшілігі әлеуметтік желілердегі парақшалары арқылы азаматтардан ескі автошиналары болса кәсіпорын аумағына жеткізіп беруді өтініп, көмек сұрауда.

Саратов және Сахалин облыстарында да құс тұмауы тіркелді.

Өзге өңірлерде тұмауға қарсы вакцинация жүргізілуде.

Мәселен тек Ростов облысында құстарға 1,5 млн екпе салынды.