Ресейде коронавирустың жаңа штамы анықталды

Ресейде коронавирустың жаңа штамы анықталды
Сурет: Aa.com.tr

Коронавирустың жаңа штамы AY.4.2 деген атпен белгілі

Бұл туралы Роспотребнадзор ОҒЗИ эпидемиологиялық адам ауруларын диагностикалаудың жаңа әдістерін жасайтын ғылыми топтың жетекшісі Камиль Хафизов мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz РИА Новости-ға сілтеме жасап.

Хафизовтың айтуынша аталған штаммның Ресей аумағында бірен-саран жағдайлары тіркелген. Бұл штамм қаншалықты жұқпалы екенін айту қиын дейді сарапшы.

 Сонымен бірге, маман AY.4.2 нұсқасының таралу ықтималдылығы Ресей мен әлемде "жеткілікті" екенін атап өтті. Алайда, ол сарапшылар бұл вирустың дәл осы нұсқасының әр түрлі елдерде күнделікті COVID-19 инфекциясының көптеген жағдайларына әкеліп отыр деп санамайтынын айтты.

19 қазан күні Ұлыбриятанияда коронавирустың жаңа формасы тарала бастады. Сарапшылар AY.4.2 штаммы пандемия басталғалы табылған ең жұқпалы штамы болуы мүмкін деп болжап отыр.

Коронавирустың жаңа түрі тек Ұлыбритания аумағында тіркелген деп хабарланған болатын және оны елдегі COVID-19-бен науқастанған пациенттерінің 10 пайызға жуығы жұқтырған. Бүгінде жаңа штамды жұқтыру жағдайлары Израильде, сондай-ақ, АҚШ-та тіркелген.