Ресейде коронавирустың жаңа толқыны басталды

Ресейде коронавирустың жаңа толқыны басталды
Сурет: Gazeta.ru

Індет жұқтырғандардың саны төрт есе өскен.

Бір күнде бес мыңға жуық адамнан вирус анықталды. Оның 95%-ы омикрон штамымен ауырған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Айдың соңында инфекция анықталған адам саны ұлғаяды, бір күнде вирус жұқтырғандар 40 мыңға дейін жетеді», - дейді мамандар.

Сондықтан қайтадан карантиндік шараларды енгізу керек деп отыр. Сондай-ақ еңбек мигранттары да коронавирустың барлық штамынан тегін емделеді.

Жаңа ережеге сай, Ресейге кірген қазақстандық студенттер барған күннен бастап 90 күн ішінде медициналық ұйымдарда тексеруден өтуі тиіс. Ұйымдардың тізімі университеттердің әкімшілігінде белгіленген. Ресей Федерациясының аумағындағы барлық шетелдік азаматтар үшін сақтандыру полисінің болуы міндетті.