Ресейде коронавирустан бір тәулікте 1015 адам қайтыс болды

Ресейде коронавирустан бір тәулікте 1015 адам қайтыс болды
Сурет: Vedomosti.ru

Ресейде коронавирустан қайтыс болғандар саны артты

Ресейде коронавирустан бір тәулікте 1015 кісі қайтыс болды. Бұл - пандемия басталғаннан бергі ең жоғарғы көрсеткіш. Осыған дейін барлығы 225 325 адам қайтыс болды, деп хабарлайды, Almaty-akshamy.kz

Бұл туралы Риа Новости мәлімдеді.

Бұған дейін Ресейде тәулігіне COVID-19-дан қайтыс болғандар саны 1002-ге жеткенін хабарлаған болатынбыз.

«Өткен тәулікте 1015 өлім расталды. Ресейде пандемия басталғалы бері 225 325 адам қайтыс болды», - деді штаб журналистерге.

Атап айтқанда, Мәскеуде коронавирустан 73 адам, Санкт-Петербургте 68, Краснодар өлкесіндегі 40 өлім расталды.