Ресейде қазақстандықтар дауыс бере алады

Ресейде қазақстандықтар дауыс бере алады
almaty-akshamy.kz

Омбыда № 265 сайлау учаскесі ашылды. Ресейдегі Қазақстан азаматтары ҚР Конституциясына түзетулер бойынша референдумда дауыс бере алады деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

«Бүгін Мәскеуде Ресейдегі Қазақстан Елшілігі жанындағы №265 сайлау учаскесінде жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00 – де Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер енгізу бойынша референдумда дауыс беру басталды», – деп хабарлайды ҚР РФ-дағы Елшілігінің баспасөз қызметі.

Қазақстан азаматтары өз құқықтары бойынша Санкт-Петербург, Қазан, Астрахань және Омбыдағы ҚР бас консулдықтарының жанынан құрылған төрт учаскеде дауыс бере алады.

Сайлау учаскесіне келген кезде өзімен бірге Қазақстан Республикасы азаматының паспорты немесе жеке куәлігі болуы қажет.

Дауыс беру жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де аяқталады.