Ресейде қазақстандық ЖОО филиалдары ашылады

Ресейде қазақстандық ЖОО филиалдары ашылады

Ресейде қазақстандық жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының филиалдары ашылады

Ұзақ мерзімді ынтымақтастық орнату және білім беру сапасын қамтамасыз ету, техникалық бағыттағы кадрларды даярлау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасында Ресейде Қазақстанның жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының филиалдарын және Қазақстанда Ресейдің жоғары білім беретін білім беру ұйымдарының филиалдарын құру және олардың жұмыс істеуі туралы келісімге қол қою туралы қаулы қабылданды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Elorda.kz-ке сілтеме жасап.

Келісімде екі елдің заңнамасына сәйкес тең негіздегі филиалдар құрылатыны көзделген.

Келісімді іске асыру аясында филиалдарды ашу кезінде қосарланған лицензия алу жүзеге асырылады.

Оқыту білім беру бағдарламалары шеңберінде филиалдар орналасқан елдің тілі мен тарихын міндетті түрде меңгеру арқылы екі елдің мемлекеттік тілдерінде жүргізілуі мүмкін.

Филиалдарда мемлекеттік бақылау және аккредиттеу Қазақстан және Ресей заңнамасына сәйкес іске асырылатын болады.