Ресейде ер адам көшеде кетіп бара жатқан тұрғындарды атып тастады

Ресейде ер адам көшеде кетіп бара жатқан тұрғындарды атып тастады
Сурет: Ашық дереккөз

Ресейдің Краснодар өлкесіндегі Крымск қаласында ер адам көшеде кетіп бара жатқан адамдарға оқ атты. Алдын ала мәліметтер бойынша оқ атқан адамды қос алғанда 4 адам қаза тапты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Алдымен ер адам 3 адамды атып тастады»,-деп хабарлады ТАСС агентігіне хабар берген дереккөз. Ол сондай-ақ тұрғындарға оқ атқан адамның өзі де өлгенін хабарлады.

Өңірлік прокуратура тексеру жүргізіп жатыр.

«Оқиға орнынан Крымск ауданарылық прокуроры шықты. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тексеру жүргізіліп жатыр»,-деп хабарлады ведомство өкілдері.