Ресей шекарасындағы шектеулерді алып тастамақшы

Ресей шекарасындағы шектеулерді алып тастамақшы
ВКонтакте

Ресей 15 шілдеден бастап құрлықтағы шекарада 2020 жылы коронавирус инфекциясына байланысты енгізген шектеулерін алып тастамақшы. Бұл туралы дүйсенбі күні ковидке қарсы күрес жедел штабы мәлім еткен, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz ТАСС-қа сілтеме жасап.

Хабарламада айтылғандай, жедел штаб талқылау қорытындысы бойынша, 15 шілдеден бастап Ресейдің мемлекеттік шекарасын кесіп өтуге салынған уақытша тыйымды алып тастау жөнінде шешім қабылдаған.

Бұған дейін 14 маусымнан бастап эпидемиялық жағдайдың жақсаруына байланысты шетел азаматтарының Ресейге теңіз және әуе бекеттері арқылы кіруіне рұқсат берілген еді.

Бірақ жер бетіндегі көлік түрлерінің кіруіне шектеу алынбаған болатын.

Еске салайық, Ресей коронавирус инфекциясының таралу қаупіне байланысты 2020 жылдың наурыз айында шекарадан өтуге шектеу қойған болатын.