Ресей Президенті оқшауланды

Ресей Президенті оқшауланды
Сурет: Rg.ru

Владимир Путин оқшаулануға мәжбүр

Ресей Президенті Владимир Путин өз ортасында коронавирус дертінің анықталуына байланысты өзін-өзі оқшаулау режимін сақтауға мәжбүр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz РИА Новости сайтына сілтеме жасап. Бұл жөнінде Кремльдің баспасөз қызметі хабарлаған. 
Бұл туралы ол Тәжікстан басшысы Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сөйлескен кезде айтқан. Карантиннің қанша уақытқа жалғасатыны туралы ақпарат жоқ. 
Ресей Президентінің баспасөз хатшысы мемлекет басшысымен қарым-қатынас жасаған ортада бірнеше адам коронавирус жұқтырғанын айтып, толықтырды.