Ресей күштері Киевті атқылай бастады

Ресей күштері Киевті атқылай бастады
Cурет: Скрин

Харьков облысында 30 поляк жалдамалы жауынгерінің көзі жойылғаны айтылды

Ресей күштері Киевті қайта атқылай бастады. Кеше шаһар шетіндегі мекендерге зымырандармен соққы жасалды. 

Жақында Ресей Қорғаныс министрлігі Киевті нысанаға алатынын хабарлаған еді. Мәліметке қарағанда Ресей жасақтары соңғы бір тәулікте Украинаның 13 нысанын талқандап, 200-ден астамын істен шығарған. 

Харьков облысында 30 поляк жалдамалы жауынгерінің көзі жойылғанын да айтады. 

«Киевтің ұлтшыл билігінің Ресей аумағында кез келген лаңкестік және диверсиялық әрекетіне қарай Киевтегі нысандарға зымыранмен соққы беру күшейтіледі. Ресейдің әуе шабуылына қарсы күштері сәуірдің 14-і күні Брянск облысының Климов ауылында бейбіт тұрғындарға шабуыл жасаған украиналық тікұшақты атып түсірді»,-деді Ресей қорғаныс министрлігінің ресми өкілі Игорь Конашенков.