Ресей экономикасы құлдырай бастады

Ресей экономикасы құлдырай бастады
Cурет: Ашық дереккөз

Билік әскерін мұнай мен астықтан түскен ақшамен ғана қаржыландырып отыр

Батыс елдерінің санкцияларынан Ресей экономикасы біртіндеп құлдырап, жапа шеге бастады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап. 

Германия билігі осылай деп айтып отыр. Жақында ЕуроОдақ елдері санкциялардың алтыншы топтамасын келісті. Онда мұнай эмбаргосы мен Сбербанкты СВИФТ төлем жүйесінен ажырату қарастырылған. 

Шектеу шараларының толық тізімі бүгін жариялануы мүмкін. 

«Ресей экономикасы құлдырап жатыр. Бұл елдің ішкі жалпы өнімі 9 процентке төмендеді. Ал инвестициялық белсенділік 30 процентке азайды. Қазір Ресейге ешкім қаржы салғысы келмейді. Билік әскерін мұнай мен астықтан түскен ақшамен ғана қаржыландырып отыр»,-дейді Германияның Экономика министрі Роберт Хабек.