Ресейде үйлену тойы азайып келеді

Оның себебін сарапшылар демографиядан іздеп отыр. Бұл ретте сарапшылар бес жыл аралықты алған. Әділет министрлігінің есептеуі бойынша, өткен жылы 967 мың той өткізген. Бұл бұрынғы бес жылмен салыстырғанда, 21 пайызға кем.

– Бұл ретте тойдың қасиеті жөнінде айтудың керегі жоқ. Қазір елімізде демографиялық ахуал қиын. Негізінен 90-жылдары туған жастар отбасын құруы керек. Алайда, сол жылдары туу көрсеткіші төмен болғандықтан, қазір некеге тұратындар да аз.

Оның үстіне қазір отбасылық дағдыларға едәуір өзгеріс енді. Бұрын жастар ойланбастан неке үйіне жүгіре беретін. Қазір адамдар некесін қимастан бұрын бір-бірімен тұра береді. Әуелі бір-бірін сынайды, үйреніседі, содан кейін барып некеге тұруға шешім қабылдайды. Батыста да осындай процесс белең алған. Той азайған, есейген жа­сында отбасын құрады. Сондай-ақ, демографтар қазір елі­мізде контрацептивтік төңкеріс өріс ала бастағанын ай­тады. Адамдар бәріне де сақтықпен қарайтын болды. Үй болсам, үйленсем жағдайым қалай болады дегенді көбірек ойлайды. Үйленбеудің, той жасамаудың басты себебі осы, – дейді Ресей Ғылым академиясының аймақтық экономика институтының аға Ғылыми қызметкері Н.Чистякова.

 

Бананның бағасын білесіз бе?

Қазекем қалжыңдап «қисық сары» деп атайтын бананның құрамында калий көп екен. Ал бұл жүрек-қан тамырлары ауруларына таптырмас ем деседі. Сондай-ақ, оның құрамында В дәрумені бар. Ол холестерин деңгейін төмендетеді. Сонымен қатар, бұл жеміс кісінің көңіл-күйін көтеріп, жақсартады.

Егер жұмысыңыз аса қауырт, қызып жатса бананды күндіз жегеніңіз дұрыс. Сондай-ақ, ол шаршағаныңызды басады, жұмыс қабілетіңізді арттырады, екінші тынысыңызды ашады. Ол аллергиялық реакцияға ұрындырмайды. Бір ескеретін жағдай, оның құрамында қант көп. Сондықтан тропикалық жеміске бұл аурумен ауыратындардың жоламағаны жөн. Дейтұрғанмен де, ол кейбір ауру түрлерінің қозуына себепкер болуы да мүмкін. Сондықтан күніне бір-екеуден артық тұтынбаған дұрыс.

Оның ішек, асқазанға пайдасы бар. Ол асқазанның ауру нүктелерін басады. Диетикалық тағам. Дейтұрғанмен де, оның құрамында крахмал мен қант басым. Егер салмақ түсіргіңіз келсе, оны тұтынбағаныңыз жөн.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *