«Ресей орыстар үшiн» ұранына сот тыйым салды

Мәскеу прокуратурасы «Православие немесе өлiм», «Ресей орыстар үшiн» деген жазу-ұраны бар футболканы интернеттен көрiсiмен мұндай жазулар «ұлтаралық, дiнаралық қаскөйлiктi күшейтедi» деп шештi.

Черемушкин аудандық соты прокуратураның шешiмiмен келiстi. «Православие немесе өлiм» ұраны, бұл – өзiнiң сенiмiн жоғары құндылық деңгейiне шығарып айту, – деп есептейдi дiн және құқық институтының директоры Роман Лункин. – Ал, «Ресей орыстар үшiн» ұраны қауiптiлеу. Оның негiзiнде ұлтшылдардың мигранттарды қуып шығуымен байланыстыратын қулық жатыр.

«Ал ендi «Православие немесе өлiм» көбiне жалған секталардың ұраны болғанымен, бұл да тыйым салуға болмайтын жәйт. Себебi, оның негiзiнде өз дiнiнен бас тартқан адам сенiмiн жоғалтады және оның ақыры өлiмге әкелiп соғады деген түсiнiк жатыр. Бұның басқа адамдарға қаупi жоқ. Сондықтан, мұның негiзiнде зорлық жатыр деген бекер сөз» дейдi Бүкiл дүниежүзiлiк орыс халық соборының құқығын қорғау орталығының жетекшiсi Роман Силантьев. Сондай-ақ, ол «Ресей орыстар үшiн» деген ұранды да ақтап, бұл жерде «Ресей тек қана орыстар үшiн» деп тұрған жоқ қой дейдi. Сондықтан, сот шешiмi қайта қаралуы керек деп есептейдi.

Әзiрлеген – Ж.ҚҰДЫС.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close