Регбишілер жолдамасыз қалды

Регбишілер жолдамасыз қалды
www.inform.kz

Регби-7 спортынан Монакода өтіп жатқан Токио олимпиадасына іріктеу турнирін қазақстандықтар сәтсіз аяқтады, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Анна Яковлева жаттықтыратын Қазақстан құрамасы турнирдің жартылай финалына шыққан еді. Алайда бұл кезеңде Ресей құрамасынан 0:38 есебімен жеңілді. 

Қазақстан бұған дейін топтық сынды жақсы өткізді. Алдымен Тунис құрамасын 12:0 есебімен тұқыртса, екінші жарыс күнінде Папуа және Жаңа Гвинея құрамасын 17:10 есебімен қапы қалдырған еді.

Осылайша, регбишілер Токио Олимпиадасына қатысу құқығына қол жеткізе алмады. Әзірше спорттың ойын түрлерінен ешбір командамызда олимпиада жолдамасы жоқ.