Реформалар мен өзгерістер бағыты

Реформалар мен өзгерістер бағыты
aikyn.kz

Қазақстан өз Тәуелсіздігінің 30 жылы ішінде үдемелі және жасам­паз даму бағытымен сенімді алға жүріп ке­леді. Егемен мемлекетті құру және оның болашағына деген сенім – мі­не, Қазақстанның Тұң­ғыш Пре­зи­денті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 1990 жылдары қа­ла­ған негіз және оны бүгінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сенімді түр­де жалғастырып келеді.

Нұрсұлтан Назарбаевтың тәуелсіздік таңында қабылдаған шешімдері жас мем­лекетке Кеңес Одағы ыдырағаннан кейінгі ал­ғашқы жылдардағы қиыншылықтарды сәт­ті еңсеруге көмектесті. Тұңғыш Пре­зи­денттің пайымы елдің егеменді эко­но­ми­касын, ішкі және сыртқы саясатын қа­лып­тастырудың негізіне айналды.

Оның реформалары өткенін қас­тер­лейтін, ішкі тұрақтылығын сақтайтын жә­не қарқынды дамып келе жатқан жаңа Қа­зақстанды, сондай-ақ білімді, талантты, креа­тивті, өзінің әлемдегі бірегей орнын се­зінетін заманауи қазақстандық ұлтты құру­ға мүмкіндік берді.

Осы жылдар ішінде Елбасы саяса­ты­ның басты жолсерігі қазіргі кезеңде Тұң­ғыш Пре­зидент бағытының сабақтастығы, өзі әзір­леген жас тәуелсіз мемлекеттің ұзақ­мерзімді даму стратегиясын іске асы­рудың саяси ке­пілі саналатын «Nur Otan» партиясы болды. Партия қызметі әрдайым бір­лік пен тұ­рақ­тылық, қазақстандық­тар­дың өмір сүру са­пасын арттыру ісінде ше­­­шуші рөл ат­қарды.

Тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде ақылды, та­­лапкер және еркін ойлайтын адамдардың тұ­­тас буыны өсіп-жетілді. Олардың кей­бі­реу­лері өз балаларын тәрбиелеп, өздерінің табыс тарихын құрып, елдің дамуына жеке үлестерін қосып үлгерді.

Алайда осы жылдар ішінде мемлекеттің не­гізгі қағидаттары өзгерген жоқ, бұл – адам­ның әлеуметтік әл-ауқатына қам­қор­лық жасау, жеке басты құрметтеу, тиімді эко­­н­омикалық саясат. Бұл құндылықтар бар­­лығына түсінікті және әркімге жақын.

Елбасы атап өткендей: «Nur Otan» пар­тия­­сының рөлі – халықпен бірге болу, оның ар­манын білу, халықтың ниетін би­лік­ке жет­кізу, билікті халыққа қам­қор­лық жа­сау­ға мәжбүрлеп, оның бірде-бір өті­ні­шін ес­керусіз қалдырмау».

Сайлаушылар алдындағы, бүкіл қоғам ал­дындағы жауапкершілік біздің қыз­ме­ті­міздің айқындаушы қағидаты. Біз олар үшін және олармен бірге қа­­былданатын азаматтардың басым көп­шілігінің мүдделерін қозғай отырып, ел ал­дында тұрған міндеттерді іске асыруға дайын­быз.

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев Қа­­зақстан халқына Жолдауында «Біздің ба­­ғытымыз берік, мақсатымыз айқын. Біз оған жету үшін не істеу керегін білеміз. Біз жоспарымызды дәйектілікпен іске асы­рып, бар­лық бастамаларымызды соңына дейін жет­кіземіз. Біз кез келген сынақтар мен қиын­дықтарға дайынбыз», – деп ай­тып өтті.

Әрине, Елбасы – Nur Otan партиясы­ның Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев сая­са­ты­ның сабақтастығын жан-жақты қам­тамасыз ету арқылы ғана осы мақсаттарға қол жеткізуге, сын-қатерлер мен қиын­дық­тарды жеңуге болатыны сөзсіз.

Партия істерінің нәтижелері, жос­пар­лары­мызды іске асырудың тиімділігі Ал­ма­тының үдемелі дамуынан айқын көрі­неді.

Еліміздің ірі мегаполисіндегі өз жұмы­сын­да «Nur Otan» партиясы біздің барлық аза­маттарымызды толғандыратын аса маңыз­­ды мәселелерді шешу жолдарын ұсы­на алды. Қарапайым, тұрмыстық мә­се­ле­лерден бастап едәуір ауқымды мәсе­ле­лерді ше­шу үшін үлкен ресурстарды шо­­­ғырлан­дыру қажет.

Жалпы, біздің стратегиялық құжат­та­ры­­мыз, ең алдымен партияның сайлауалды бағ­дарламасы нақты өмірдің сынағынан өте білді деп санаймын.

Біз жаңа COVID-19 пандемиясымен ал­ғаш рет бетпе-бет ұшырасқан кезде бағ­дарлама өзінің қажеттілігін ерекше дә­лелдеді. «Nur Otan» партиясы өзін-өзі іске асыруға емес, дереу өзінің барлық күші мен ресурстарын адамдарға көмектесуге ба­ғыт­тады. Біз пандемиядан қатты зардап шек­кен ай­мақтардағы қызметті тез арада түзе­тіп, азаматтар мен бизнесті қолдау бойын­ша өз ұсыныстарымызды Үкіметке жібер­дік.

Коронавирус инфекциясы медицина мен денсаулық сақтауды дамытудың қан­ша­лықты маңызды екенін көрсетті.

ӨМІРДІҢ ЖАҢА САПАСЫ

Сапалы медициналық қызмет көрсету жә­не денсаулық сақтау объектілеріне қол­же­тім­ділікті қамтамасыз ету – коронавирус инфекциясына қарсы күрес жағдайында біз үшін басым міндеттің бірі.

Бұған қол жеткізу үшін бірінші кезекте ден­­саулық сақтау инфрақұрылымын кү­шей­ту қажет болды. Соңғы екі жылда пан­­­­де­мияға қарамастан, екі модульді ау­рухана мен жұқпалы аурулар ауру­ха­на­сы­ның фи­лиалы салынды. Қаланың 16 ірі ста­цио­нарында оттегі стансалары орнатыл­ды. Кә­різ суларын зарарсыздандыру және ме­ди­циналық қалдықтарды кәдеге жарату жүйелері жаңғыртылды. Ағымдағы жылы біз №6 қалалық емхананы, сондай-ақ ау­да­на­ралық туберкулезге қарсы диспан­сер­ді күр­делі жөндеу және сейсмикалық кү­шейту жұ­мыстарын аяқтау есебінен инф­ра­құры­лымды күшейту міндетін орын­да­дық.

Бұдан басқа, COVID-19 пандемиясына қар­­сы іс-қимыл шеңберінде жедел жәр­дем­ді бағыттаудың жаңа моделін енгізу, не­гізгі клиникалық-диагностикалық ба­ғыт­тар бойынша бас штаттан тыс мамандар инс­ти­тутын, қаланың барлық жансақтау бө­лімшесін бақылау үшін жедел ден қою реа­­нимациялық тобын құру есебінен ден­саулық сақтау жүйесінің жұмысы кү­шей­тілді. Медициналық препараттар қорын қам­­тамасыз ету үшін дәрі-дәрмектердің тұ­рақ­­тандыру қоры, тәулік бойы жұмыс істей­тін Пациенттерді бақылау орталығы жә­не Телемедицина орталығы жедел құ­рыл­ды.

Сапалы білімге қолжетімділікті қам­та­масыз ету де маңызды. Мұн­дағы басты міндет – мегаполисте мек­тепке дейінгі және оқушы орын­да­ры­ның тапшылығы мәселесін шешу. Атап айт­қанда, 4 658 орындық 72 жекеменшік ба­лабақша ашылды, 360 орындық 3 мем­лекеттік балабақшаның құрылысы аяқ­тал­ды, 9 мектепте  4 150 орындық жаңа жап­сар­жай салынды.

Қала тұрғындары үшін жаңа өмір сүру са­пасын қалыптастыра отырып, біз ке­дергісіз орта құру туралы да ұмытпаймыз.Биыл мүмкіндігі шектеулі адам­дар үшін 280 объект бейімделді, мем­ле­кеттік мектептердің 80 пайызында инк­лю­зивті білім беру үшін жағдай жасалды.

ТОП-100 КІРУ


Әрине, дағдарыс құбылыстары бізге әсер етпеді деп айта алмаймыз, бірақ осын­дай күрделі жағдайда біз экономиканың тиім­ділігін арттыра алдық және қала да­муын жалғастырып келе жатқаны анық.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың кә­сіпкерлерге мемлекеттік қолдауды кеңей­ту тапсырмасының арқасында қала эко­номикасындағы жағдай қалпына келу бел­гілерін көрсетіп отыр.

Біз пандемиядан кейінгі кезеңде эко­номиканың өсуі халықтың барлық тобының әл-ауқатына барынша әсер етуі тиіс деп есептейміз. Әр адам өз-өзін тану үшін мүм­кіндіктері кеңейіп, өмір сүру сапасы жақ­сарғанын сезінуі керек. Осыған байланысты Алматыда нақты жұмыс істейтін барлық кәсіпорындар үшін қолайлы жағдай жасау ал­дағы уақытта бірінші кезектегі міндет болуы тиіс.

Бүгінде Алматы – Қазақстанның ірі өңір­лік экономикасы. Қала салықтың төрт­тен бір бөлігін береді және елдің ЖІӨ-нің бестен бір бөлігін құрайды.

Біз өмір сүру сапасы мен бизнес мүмкін­дік­тері жағынан әлемдегі ең үздік 100 қала­ның қатарына кіруді мақсат етіп қойдық. Бұл үшін Алматыға мықты экономикалық негіз қажет, тиісінше ЖӨӨ жылына кемінде 5 пайыз қарқынмен өсуі тиіс.

Мұндай өсуді қамтамасыз ету үшін жаңа ин­дустрия секторларына мән беріліп, қала шаруашылығын терең құрылымдық ре­фор­малау басталды.

Қала экономикасын әртараптандыру мін­детін іске асырудың басты құралы  –жеке ин­вестицияларды тарту. Бүгінде 187 млрд теңге сомасына 21 инвес­ти­циялық жоба іске асырылды.

Қалада шағын және орта бизнесті да­мытуға үлкен мән берілуде. Оны қолдаудың не­гізгі құралдары – мемлекеттік және қала­лық бағдарламалар. Біз қазір «Бизнестің Жол картасы-2025», «Қарапайым заттар эко­номикасы», «Агроөнеркәсіптік кешенді да­мы­тудың мемлекеттік бағдарламасы», «Нә­тижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кә­сіпкерлікті дамытудың «Еңбек» мем­ле­кеттік бағдарламасы», Almaty Business-2025 секілді бағдарламалар туралы ай­тып отыр­мыз.

«Бизнестің Жол картасы-2025» бағдар­ла­масын іске асыруға биыл 18,6 млрд теңге бөлінді. Бүгінде 127,4 млрд теңге сомасына 1 351 жоба мақұлданды.

Жалпы, мемлекеттік және өңірлік бағ­дарламалар аясында шағын және орта биз­неске биыл 52,2 млрд теңге несие бөлінді.

Қазірдің өзінде қалада 52,3 мың жаңа жұ­мыс орны ашылды. Жұмыссыздық дең­гейі 5,3 пайыздан 5,1 пайызға дейін төмен­деді, ал орташа айлық жалақы 296 мың тең­гені құрады.

Бірінші жартыжылдықтың қорытын­ды­сы бойынша жалпы өңірлік өнімнің өсі­мі 105,5 пайыз, ал 9 айдағы қысқамер­зім­ді экономикалық индикатор 9 пайызға артты.

ШЕТСІЗ ҚАЛА


Алматылықтар үшін тең жағдай мен өмір сүру сапасын қамтамасыз ету – «Nur Otan» партиясы жұмысының басым бағыты.

«Шетсіз қала» қағидаты бойынша Ал­матыда қосылған аумақтарда инженерлік, көліктік және әлеуметтік инфрақұрылымды жақсарту жөніндегі жобаларды іске асыру қамтамасыз етіледі.

Инженерлік инфрақұрылымды дамыту шеңберінде қаланың 24 шағынауданында ұзын­дығы 92 шақырым су құбыры және 36,5 мың үйді қамти отырып, 77 шақырым кә­різ желісі тартылды. Нәтижесінде, тұр­ғын­­дарды сапалы ауызсумен қамтамасыз ету 98,4 пайызға дейін жеткізілді.

Биыл  16 шақырым газ құ­быры салынды, бұл халықтың газбен қамта­ма­сыз етілуін 99,2 пайызға дейін арттыруға мүм­кіндік берді.

Жыл соңына дейін жарық мүлдем бол­ма­ған көшелерді толық жарықтандыруға қол жеткізіледі.

Жолдардың сапасына да көп көңіл бө­лінеді: бүгінде 415 көшеде ұзындығы 108 ша­қырым жол жабынының құрылысы жүр­гізілуде.

Бұдан басқа, үш көлік жолайрығының құры­лысы жалғасуда. Осы жылы Рыс­құлов даңғылы мен Емцов көшесінің қиы­лысындағы көлік жолайрығы бойынша және Бұқтырма көшесі мен Құл­жа трактісі қиылысындағы көлік жолайрығының эстакадасы бойынша ішінара қозғалысты ашу жоспарланған.

Жыл соңына қарай Абай даңғылын Мо­мышұлы көшесінен Наурызбай ауданының әкімшілік орталығына дейін ұзындығы 3,5 шақырым жолды ашу жоспарлануда.

Алматыда күн сайын 700 мың автокөлік жүреді, миллионнан астам адам қатынайды. Бұл қала инфрақұрылымына үлкен жүктеме түсіреді. Сондықтан қоғамдық көлікті да­мытуға ерекше көңіл бөлінеді. Метро же­лісінің «Бауыржан Момышұлы» және «Сарыарқа» стансаларының құрылысы жүріп жатыр. Биыл техникалық іске қосу жоспарлануда. Келесі «Қалқаман» стансасы бойынша құрылыс жұмыстары басталды.

Тұрғын үй Алматы үшін әрқашан өзекті мә­селе болғандықтан, ол біздің жұмысы­мыз­дағы басты міндет саналады. Қа­зірдің өзінде жыл соңына дейін 5 114 отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етіледі деп айтуға болады. Қалада барлығы 1,6 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді: бұл — 10 510 пәтер және 1678 жеке тұрғын үй.

Қала инфрақұрылымын дамыта оты­рып, біз тұрғындардың қауіпсіздігіне ерек­ше назар аударамыз. Қылмыстың ашылу және алдын алу деңгейін арттыру, кримино­гендік жағдайды талдау мақсатында осы жылы 1 000 интеллектуалды бейнебақылау камерасы орнатылды. Инфрақұрылымы­ның төтенше жағдайларға қарсы тұруын арт­тыру үшін Наурызбай ауданында 6 кө­лікке арналған өрт сөндіру депосы пай­да­лануға берілді, жақын арада Алатау ауда­нында осындай депоны ашу жоспарланып отыр. Жолдардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қашықтан басқарылатын датчиктері бар 93 бағдаршамды қосу арқылы қалада жол қозғалысын басқарудың автоматтан­дырылған жүйесін жаңғырту аяқталды.

Алматылықтар жиі көтеретін ең өзекті та­қырып – қала экологиясы. Экологиялық жағ­дай жақсарса, жасыл желектер алаңын ұлғай­туға, стихиялық қоқыс тастайтын жер­лерді жоюға және қоқысты кәдеге жара­туды толық қамтамасыз етуге мүмкіндік бо­лады.

Осы жылы экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында 360 мыңға жуық ағаш отырғызылатын болады, бұл жасыл екпелер алаңын бір адамға 8,4 шаршы метрге дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Келесі жылы тағы да 250 мыңнан астам ағаш отырғызу есе­бінен екпелер алаңы бір адамға 9,3 шар­шы метрге дейін ұлғайтылатын болады.

Қалада қоқыс шығару толық қам­тама­сыз етіліп, барлық стихиялық қоқыс орын­дары жойылды. Қатты тұрмыстық қал­дық­тарды қайта өңдеу және кәдеге жарату үлесі 8 пайыздан 14 пайызға дейін ұлғайды.

Қалаға кіреберісте қосымша 15 экопост орнатылды, 1 600 жеке үй табиғи газға ауыс­тырылды, велоинфрақұрылым белсенді да­муда.

БЕЛСЕНДІ ТҰРҒЫНДАР


Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев үнемі айтып өтетіндей «Ұлт саулығы – мемлекеттің бас­­­ты басымдығы».

Біз негізінен қаланың спорттық инфра­құрылымының желісі мен қолжетімділігін кеңейту есебінен тұрғындарының ден­сау­лығын нығайтуға және саламатты өмір сал­ты мәдениетін қалыптастыруға қол жет­кізе аламыз. Бұқаралық спортты дамыту үшін осы жылы 19 мектептің денешынық­тыру-спорт аймағының құрылысы аяқтал­ды, аулаларда, саябақтарда және сквер­лерде 97 Workout спорт алаңы орнатылды. 10 спорт нысаны пайдалануға беріледі, оның 6-ауы жергілікті бюджет есебінен. Бұл 5 денешынықтыру-сауықтыру кешені, оның ішінде жаңа Алматының: Жетісу ау­даны Айнабұлақ-2, Кемел, Құлагер ша­ғы­наудандарындағы, Медеу ауданының Алатау шағынауданындағы, Түрксіб ау­данының Жас Қанат шағынауданындағы ке­­шендер, Алатау ауданындағы жабық жә­не ашық корттары бар теннис орталығы.

Салу бір бөлек, оған адамдарды тарту – бір басқа. Менің ойымша, бұл біздің қолы­мыздан келіп жатыр. Бұл жерде біздің  спортшыларымыз, федерацияларымыз, қауым­дастықтарымыз жақсы үлгі көр­сету­де.

Мәселен, балаларды тегін спорт сек­ция­ларымен қамтуды арттыру үшін мектеп Спорт федерациясымен бірлесіп, қала мек­теп­терінде спорт клубтарын ашу жұмыстары жүргізілуде.

Алматы – жастар қаласы. Мұнда 700 мың­­нан астам жастар тұрады, олардың 233 мыңы студенттер. Жастар әрқашан халық­тың белсенді тобы болған және оның мар­гиналдануына жол бермеу құралдарының бірі жастардың тиімді жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету екенін айта кеткен жөн. Оны іске асыру үшін біз қажетті жағдайды жасап жатырмыз.

Мәселен, жыл басынан бері жастар прак­тикасына 1 500 адам тартылды. NEET санатындағы 600 азамат толығымен кәсіби оқытумен қамтылған.

«Алматы жастары 3.0» тұрғын үй бағ­дарламасы аясында 837 отбасы төмен пайыз­дық мөлшерлемемен несие алды.

Жастардың әлеуметтік жобаларын іске асыруға 100 мыңға жуық жас азаматтар тар­тылды, шығармашылық жастар, жас ға­лымдар, стартапшылар партиядан қолдау ал­ды.

***

Елімізді жаңғырту және барлық қазақ­стандықтардың өмір сүру сапасын арттыру жөніндегі реформалардың жалпы мем­лекеттік бағытының жалғасы саналатын «Nur Otan» партиясының өңірлік сай­лауалды бағдарламасын орындаудың алғашқы нәтижелері осындай.

Келесі жылы 2021 жылы басталған іс-шараларды іске асыру жалғасатын болады, сондай-ақ жаңа жобаларды жүзеге асыру басталады.

Атап айтқанда, сумен жабдықтау же­лісін одан әрі кеңейту есебінен халықтың са­палы ауызсуға қол жеткізу деңгейі 2022 жылдың соңына дейін 99 пайызға дейін артады.

Газға қолжетімділіктің артуы да назардан тыс қалмайды және 2022 жылдың соңына қарай бұл көрсеткіш 99,4 пайызға жетеді. Бұдан басқа, қалада шамамен 125 шақырым арық желілері мен нөсер кәрізі қайта жаңар­тылып, салынады.

Әлеуметтік салада мектепке дейінгі жә­не орта білім беру мекемелеріне деген үлкен қа­жеттілікті ескере отырып, біз 4 мем­ле­кеттік балабақша саламыз, жеке­мен­шік ба­­лабақшалар ашуды ынталандыру жө­ніндегі жұмыс жалғасады, бұл балаларды (3-6 жас) мектепке дейінгі тәрбиемен қам­туды 93 пайыз арттыруға мүмкіндік береді. 2022 жылы 7 мектеп, оның ішінде осы жы­лы басталған 5 мектеп пен 5 жапсаржай са­лынады.

Іскерлік белсенділікті ынталандыру жә­не жұмыспен қамтуды жақсарту үшін Қа­рапайым заттар экономикасы, Almaty-Business-2025 және тағы да басқа сияқты кәсіпкерлікті қолдау бағдарламаларын іске асыру жалғасады. 5 өнеркәсіп парктері ашылатын болады. 50 мыңнан астам жұмыс орнын ашу арқылы біз жұмыссыздық көр­сеткішін 5,1 пайыздан аспайтын деңгейде сақтап қалуға тырысамыз.

Тұрғын үй бағдарламасы шеңберінде 2 800-ге жуық отбасы баспаналы болады. 200-ден астам көппәтерлі тұрғын үй күрделі жөн­деуден өтеді. Қаланың барлық аудан­дарында 200-ге жуық ауланы көріктендіруге ниеттіміз.

Бұл шаралар, сондай-ақ басқа да бір­қатар әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар өмір сүру және жұмыс істеу жағдайын жақ­сартуға мүмкіндік береді.

Алдымызда барлығымыз үшін маңызды күн – Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы. Тарих толқынында үш онжылдық – аз ғана сәт, бірақ дәл осы кезең тәуелсіз заманауи мем­ле­кетті құру жолына нық сеніммен қадам басқан Қазақстан өміріндегі маңызды тарихи кезеңге айналды. Тәуелсіздік жыл­дары саяси тұрақтылық пен елдің елеулі экономикалық даму кезеңі өтті.

Соңғы уақыттағы сын-қатерлер партия­ның саяси тұғырнамасында көрініс тапқан біздің қоғамымыздың басты құнды­лық­тарының, ең алдымен адами құндылықтар­дың, заң үстемдігінің, бірлік пен болашаққа деген бірлескен ұмтылыстың, отбасылық құндылықтар мен дәстүрлердің маңыз­дылығын тағы да растады. Қоғамымыздың іргелі негіздерін ұстана отырып, біз жаңа жетістіктер үшін күш біріктірдік.

Nur Otan партиясының «Өзгерістер жо­лы: әр азаматқа лайықты өмір!» сай­лауал­ды бағдарламасы Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев негізін қалаған реформалар мен қайта құру бағы­тының Жол картасы. Бұл өршіл, бірақ нақты есептелген мақсаттар мен қажетті ресурстармен бекітілген бағ­дар. Осы үдерісте басты шоғырлан­дыру­шы рөл атқаруға шақырылған, елдің жетек­ші саяси күші – «Nur Otan» партиясының белсенді күш-жігері осыларды орындауға ба­ғытталған. Алматы қаласы оған сенімді қол­дау көрсететініне күмән жоқ.

Бақытжан САҒЫНТАЕВ,
Nur Otan партиясы 
Алматы қалалық филиалының төрағасы,
Алматы қаласының әкімі