Референдумға дайындық  пысықталды 

Референдумға дайындық  пысықталды 
kokshetoday.kz

Жетісу ауданында  47 референдум учаскесі бар. Олардың біреуі ,,Көкмайсадағы" әскери мекеме болғандықтан, жабық мекеме болып саналады.  

Жетісу ауданындағы барлық тұрғын үйлер мен жекеменшік секторларға референдумға шақыртулар таратылды. Сондай-ақ, референдумның 429 мүшесі бар. Олардың 7-еуі - аудандық комиссия мүшелері.

Референдумның басты кеңсесі №112 мектепте орналасқан. Барлық референдум учаскелерінде пандустар бар. Тұрғындардың таңдау жасауына барлық жағдай жасалған.  

- Алғаш рет референдумға қатысушыларға естелік қойын кітапшалар тарту етеміз. Отбасымен келіп алғаш болып таңдау жасағандарға аудандық ардагерлер кеңесінің сыйлығы бар, - дейді Жетісу аудандық референдум комиссиясының басшысы Жаннат Шарапханқызы.