Референдумды халыққа түсіндіру жұмыстары жалғасуда

Референдумды халыққа түсіндіру жұмыстары жалғасуда
Cурет: Almaty.tv

Референдумды халыққа түсіндіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Алматы қалалық мәслихатының депутаттары түрлі мекемелерге барып, өзгеру моделінің өзекті тұстарын айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  Almaty.tv cілтеме жасап.

Жалпыхалықтық дауыс берудің маңыздылығы бүгін темірбетон бұйымдарын шығаратын зауыт жұмыскерлеріне түсіндірілді. Өндіріс басшысының айтуынша, ұжым жаңа өзгерістерге дайын.

«Бүгінгі халықты жинаған себебіміз, алдымызда болатын референдум жөніндегі өзгерістерді бәріне түсіндіріп айтып, халық оны бірдей қолдап жатыр. Бұл өзгеріс керек. Жақсы Қазақстанның болашағы дегенге бәрі үміт қойып отыр. Үмітімізге сенеміз. Үміттің болашағы жақсы болады деп ойлаймыз», – деді зауыттың бас директоры Мұрат Раушанов.