Референдумды бақылауға 13 мемлекеттен 105 байқаушы тіркелді

Референдумды бақылауға 13 мемлекеттен 105 байқаушы тіркелді
Сурет: Egemen.kz

Ел бойынша 10 мыңнан астам сайлау учаскесі ашылған.

Еліміздегі шетелдік дипломатиялық миссия өкілдері конституциялық реформалар туралы кеңінен мағлұмат алды. Сыртқы істер министрлігінде өткен басқосуда референдум комиссиясы өкілдері еліміз үшін маңызды шараның негізгі кезеңдерінен бастап, референдумға қатысуға құқығы бар азаматтар тізімімен таныстырды, деп хабарлайды Almaty-akshamhy.kz Qazaqstan.tv сайтына сілтеме жасап. 

Қазіргі таңда ел бойынша 10 мыңнан астам сайлау учаскесі ашылған. Референдумды бақылауға төрт халықаралық ұйым мен 13 мемлекеттен 105 байқаушы тіркелген. Олар - Еуропадағы қауіпсіздік және ынткеымақтастық ұйымы, Түрік елдері саммиті, ТМД елдері және тағы басқа белді ұйымдар тарапынан келген өкілдер. Елшілер референдум халықтың болашағына оң өзгерістер әкелеріне сенімді.

"Референдум өткізудің өзі - мемлекетіңіз үшін үлкен бір жетістік. Алғашқысы 1995 жылы өткен. Ең маңыздысы, қазір сөзден іске көшу. Қазақстанға өзгерістер келетін күн алыс емес деп ойлаймын", - деді Қазақстандағы Испания елшісі Хорхе Урбиола.