Референдумда дауыс беру ашық әрі әділ өтті – ресейлік сарапшы

Референдумда дауыс беру ашық әрі әділ өтті – ресейлік сарапшы
Cурет: 24.kz

Еліміздің Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша референдумда дауыс беру ашық әрі әділ өтті. Бұл туралы бүгін Мәскеуде өткен дөңгелек үстел барысында Орталық Азия жөніндегі ресейлік маман Аркадий Дубнов мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
Сарапшы республика қалаларында сайлаушылардың белсенділігінде байқалған айырмашылық билік жариялаған нәтижелердің объективтілігін растайтынын атап өтті. 

«Бұл әділ және ашық дауыс беру болды», - деді А.Дубнов. 

Оның айтуынша, Қазақстандағы қаңтардағы қайғылы оқиғалар бірқатар саяси өзгерістерге серпін берді. 

«Қаңтардағы қайғылы оқиға – мемлекетті қалпына келтіру қажеттігіне айналды. Бұл – бүкіл ТМД кеңістігіндегі тарихи оқиға», - деді ол. 
Сарапшы Қазақстан Конституциясына енгізілген өзгертулер Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты өте жауапты әрі батыл басшы ететінін атап өтті.