Референдум – «Жаңа Қазақстанның» жарқын бастамасы

Референдум – «Жаңа Қазақстанның» жарқын бастамасы
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Жалпыхалықтық референдум «Жаңа Қазақстанның» бастамасы ретінде өткізілетіндіктен, тәуелсіздік жылдарында дүниеге келген жастар үшін де, біздер үшін де алғашқы болмақ.  

Осы жолы Ата заңға өзгерістерді халық болып, өз тағдырын өзі шешіп, мемлекеттің  келешегін айқындау үшін референдум арқылы өткізгелі отыр.

Ата заңға өзгерістер енгізу арқылы «Жаңа Қазақстанның» іргетасы қаланудағы үлкен істің бастамасы десек те болады.

Алдағы уақытта Парламент отызға жуық заңға түзетулер енгізетін болады. Бұл уақытты талап ететін күрделі процесс еліміздегі мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге, азаматтық қоғамды, жаңа саяси мәдениетті қалыптастыруға негіз болмақ.

Конституцияға енгізілетін өзгеріс бойынша өтетін референдумды студент қауымға түсіндіру жұмыстарын  әл-Фараби атындағы ҚазҰУ география, жерге орналастыру және кадастр кафедрасының профессор-оқытушылары Ата заңға өзгерістер енгізу арқылы «Жаңа Қазақстанның» іргетасын қалауда жастардың алатын ролі ерекше екенін онлайн және офлайн режимінде түсіндіруде.

Референдумның ролінің маңыздылығын саяси шараға түгел қатысып, өз ойларындағы мәселерге таңдауларын жасау қажеттігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізудеміз. Референдумға қатысу құқығына ие 18 жасқа толған студенттер, жатаққаналарда тұратындар, магистранттар оған қатысу үшін № 258 сайлау учаскесіне тіркелгендер биология факультеттінің оқу ғимаратына барып дауыс береді. Бүгін жұмысқа барғанымда, №258 сайлау учаскесінің комиссия мүшелері барлық дайындық жұмыстарын тәмамдап қалыпты.  «Жаңа Қазақстанды» дамытуға, көркейтуге, өзгеріс енгізетін біздің жастар. Алда талай өзгерістердің болуы референдум арқылы мүмкін болмақ. Ал оның сәтті өтуі сіз бен біздің тікелей қатысуымызға байланысты. Конституцияның көп бөлігіне енгізілетін өзгерістер еліміздегі әр азаматтың өміріне әсер ететіні сөзсіз.

Референдумға түгел қатысып, немқұрайды қарамай, «Жаңа Қазақстан» өзгерістеріне үлес қосады деп сенім артамыз. Сол себепті өз студенттерімізді 5 маусымда өтетін референдумға жаңа өзгерістер енгізу үшін дауыс беруге шақырамыз.