Референдум өтті, нәтижесінде - болашақты өзгертуге жол ашылды

Референдум өтті, нәтижесінде - болашақты өзгертуге жол ашылды
Cурет: Almaty-akshamy.kz

Президентiмiз, Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Референдум қорытындысы бойынша Қазақстан халқына Үндеү жасап өз ризашылығын бiлдiрдi. 

Бұл туралы  «AMANAT» партиясы Алматы қалалық штабының мүшесі Алматы қаласы мәслихатының депутаты Райхан Бөлекбаева айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Конституциялық реформалар, бүгінгі күннің талабына сай болуы қажет екендігі туралы түсіндіру жұмыстарына менде атсалысып, көптеген халықпен кездестiк. Елiмiздiң болашағы жарқын болуы - өз қолымызда, деген патриоттық пiкiрлер естiдiк. Және де, өзгерістерге сенбейтiн адамдардың да үнiне құлақ салдық.

Референдум өтті, нәтижесінде - болашақты өзгертуге жол ашылды! Жаңғыру жолы, "қоғамдық және жеке құндылықтар жүйесі түбiрiмен" жаңғыру бағыттар ашылды. Конституцияға өзгерістер енгізіліп, басқада заңнамаға реформа жүреді.

Әрине, жаңа бағытпен дамуымыздың негізгі қозғаушы күші - еңбек, бiлiм және азаматтық белсенділік.

"Конституция негізінде биліктiң барлық институты қызметінің мейлінше тиімді моделiн қалыптастырамыз" - деді Президент.
Мен, жаңа Қазақстанның болашағы жарқын, ашық болуына сенемін! Заңдар реттелiп, бiр-бiрiне қарама-қайшылық тудырмаса, қоғамдық қозғалысы реттеледі. Барлығы өз қолымызда - алға ұмтылайық, атсалысайық. Күшiмiз - бiрлiкте!